Түркия үкіметі Әзербайжанға әскер жіберуді мақұлдады

0
112
Түркия парламенті. Photo: euronews.com

17 қараша күні Түркия парламенті Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісімнің орындалуын қадағалау үшін Анкара мен Мәскеу бірігіп ашқан бақылау орталығына әскер жіберу туралы резолюцияны мақұлдады.

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Ердоған депутаттардан Әзербайжанда орналасатын бақылау орталығына сарбаздар жіберуді мақұлдауды сұраған еді.

Өткен аптада Түркия мен Ресей бақылау орталығын құру туралы меморандумға қол қойған. Қыркүйек айында басталып, 1,5 айға созылған Таулы Қарабақтағы қақтығыс кезінде Түркия Әзербайжанды қолдап шыққан.

Резолюция түрік әскерилері мен қызметкерлеріне аталған орталықта бір жылға дейін болуға мүмкіндік береді. Әскердің шоғырлану аймағын Баку анықтайды.

Anadolu мемлекеттік агенттігінің жазуынша, Әзербайжанның өзі орталықта түрік-ресей әскерін орналастыруды өтінген. Құжат сонымен бірге президент Ердоғанға әскерді көбейту және орналастыру мерзімін анықтау бойынша кең өкілет береді.

Осыған дейін Ресейдің ресми тұлғалары Анкара тек бақылау орталығы аясында ғана жұмыс істейді, Түркияның бітімгер сарбаздары Таулы Қарабаққа жіберілмейді деп айтқан болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз