Түркменстан: ел президенті ұлын министр етіп тағайындады

0
236
Сердар Бердімұхамедов. KAZAN, RUSSIA - MAY 19, 2017. Photo: Yegor Aleyev/TASS

Түркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өз ұлы Сердар Бердімұхамедовты елдің өнеркәсіп және құрылыс министрі етіп тағайындады. Бұл туралы turkmenportal.com хабарлады.

38 жастағы Сердар Бердімұхамедов өз ата-бабасы туып өскен Ахал уәлаятының басшысы болып тағайындалғанына бір жыл толмай жатып министр қызметіне ауысқан. Түркіменстан президентінің жалғыз ұлының саяси мансабының тез өсуін тәуелсіз бақылаушылар 62 жастағы Гурбангулы Бердімұхамедов билікті тапсыратын мұрагерін дайындап жатыр деп түсіндіреді.

Ахал уәлаятын басқарғанға дейін Сердар Бердімұхамедов осы аймақ жетекшісінің орынбасары, оның алдында елдің сыртқы істер министрінің орынбасары болып үлгерген. 2016 жылы қарашада ел парламентінің депутаты болып сайланған.

61 жастағы Гурбангулы Бердімұхамедов Орталық Азиядағы табиғи газға бай Түркіменстанды өзіне дейінгі президент Сапармұрат Ниязов қайтыс болған 2006 жылдың желтоқсанынан бері басқарып келеді.

Түркіменстан билігін сынайтындар мен құқық қорғаушылар Бердімұхамедовтің билікке келгелі өзгеше ойлайтындарды қудалағанын және айтарлықтай өзгеріс жасамағанын айтады. Президент Бердімұхамедовтің жалғыз ұлынан басқа үш қызы бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз