Тәж Махалда намаз оқуға тыйым салынды

0
107

Мұсылмандар үшін бұдан былай Тәж Махалда күнделікті намаз оқу мүмкін емес. Бұл туралы Times Now News агенттігі хабарлады.

Үндістанның археологиялық әкімшілігі жұмадан басқа аптаның барлық күнінде танымал сәулет және тарих ескерткіші аумағында және мешітте намаз оқуға тыйым салды. Бұл жағдайдың “қауіпсіздік мақсатында” жасалып отырғандығы айтылып жатыр.

Ондаған жылдар бойы отбасымен Тәж Махал мешітінде намаз оқыған имам Саид Садих Али жағдайға аң-таң. Имам және басқа да жұмысшылар жұмыс орнына тек жұма күні ғана келе алады.

Үндістанның мұсылман қауымын биліктің ашық исламофобиялық ұстанымымы таң қалдырып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз