Тәжікстан президенті шаруаларға ауыз бекітпеуге кеңес берді

0
121
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон шаруалар мен фермерлерге Рамазан айында ауыз бекітпеуге кеңес берді. Бұл туралы Азаттық сайты хабарлады.

Рахмон телеарна арқылы халықты оразаның басталғанымен құттықтап, Рамазан айы ауа райының ыстық шағына келгенін айтты.

“Далада ауыр жұмыс істеп жүргендер ауыз бекітсе, қиналып, денсаулықтарына қатер төнуі мүмкін” деді Рахмон.

Тәжікстан президентінің сөзінше, маңдай тер төгілген өнім уақтылы жиналмай қалса, азық-түлік қымбаттап, аштыққа ұласуы ықтимал.

Биылғы Рамазан айы 6 мамырда басталып, 4 маусымға дейін созылады. Оразаның алдында Тәжікстанда ет, қант, май, жеміс-жидек қымбаттаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз