Таулы Қарабақ соғысында Арменияның 2317 әскері қаза тапты

0
82

Таулы Қарабақ соғысында Арменияның 2317 сарбазы қайтыс болған. Бұл туралы Армения денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Алина Никогосян Facebook парақшасында хабарлады.

Бұл тек сот-медициналық сараптамасынан өткен адамдардың саны. Олардың кім екені толық анықталмаған.

Қайтыс болғандардың нақты саны әзірге белгісіз. Қаза тапқандардың денесін алмасу процесі әлі аяқталған жоқ. Бұл Ресейдің бітімгершілік күштері мен Халықаралық қызыл крест комитетінің араласуы арқылы жүзеге асып жатыр. 

Әзербайжан елі әзірге адам шығыны туралы хабарламады. Тек Қорғаныс министрлігі Арменияға Шуша қаласында қаза тапқан бірнеше сарбаздың денесін бергені туралы хабарлаған.

Айта кетейік, Әзербайжан мен Армения арасындағы соғыс 27 қыркүйек күні басталып, 10 қарашаға қараған түні тоқтады.

Әзербайжан мен Армения 13 қарашадан бастап қаза тапқан сарбаздарының мәйіттерімен алмасуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз