Таулы Қарабақта бейбіт келісім күшіне енсе де, қақтығыс тоқтамады

0
136

10 қазан күні Таулы Қарабақта оқ атуды тоқтату туралы келісім күшіне енгеннен кейін шабуылдың қайта басталғаны хабарланды. 

Бейбіт келісім өткен сенбі күні сағат 12:00 ден бастап күшіне енді. Алайда, Әзербайжанның Агдам және Тертер аудандары Армения қарулы күштері тарапынан зеңбірек оғынан зардап шеккен. Одан бөлек Гадрут және Жәбраил мекендеріне де шабуыл жасалған.

    

Әзербайжан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, жексенбі күні түнде Армения әскері Әзербайжанның көлемі жөнінен екінші қаласы Гянжаны ракеталармен шабуылдаған. Шабуылдан 7 адам қаза болған, 34 адам жарақат алған. Зардап шеккендер арасында балалар бар.

Әзербайжан, Армения тарапынан жасалған агрессияны қатаң айыптап және халықаралық қоғамдастықты басқыншы ел Арменияны халықаралық құқық пен халықаралық міндеттерді ұстануына мәжбүрлеу мақсатында батыл қадамдар жасауға шақырады.

Армения сыртқы істер министрлігі Әзербайжанды 12.05 уақытында Карахамбейли дейтін жерді шабуылдады деп айыптады.

Таулы Қарабақтағы қақтығыс 27 қыркүйекте басталған. Екі ел де шиеленісті бірінші болып бастады деп бір-бірін айыптайды. Ал Қарабақтағылар елді-мекендердің шабуыл астында қалғанын айтады.

Армения әскери жағдай енгізіп, бүкілхалықтық мобилизация жарияласа, Әзербайжан жартылай мобилизация жариялаған.

Армения мен Әзербайжан арасындағы Таулы Қарабақ дауы Совет Одағы кезінен жалғасып келеді. 1988 жылы басталып, 1994 жылы аяқталған соғыс кезінде 30 мыңға жуық адам қаза тапты, жүздеген мың адам босқынға айналды. Негізінен армяндар тұратын аймақ 1991 жылы Әзербайжаннан бөлініп шығатынын мәлімдеді, бірақ әлемнің ешқандай елі оны мойындамады. Халықаралық құқыққа сәйкес, Таулы Қарабақ – Әзербайжан жері.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз