Тоқаев Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында лекция оқыды

0
136
ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев

11 қыркүйекте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында академиясы профессорлары мен сарапшыларының және қазақстандық студенттердің алдында лекция оқыды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде қоғамдық ғылымдардың кез келген мемлекеттің даму бағдарын айқындауға елеулі үлес қосатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің дипломатиялық қызметін дәл осы Бейжіңде бастағанын айтып, сол кезде мемлекет қайраткері Дэн Сяопиннің ашықтық пен реформалар саясатына куә болғанын жеткізді. Сондай-ақ, президент барлық қатысушыларды Қытай Халық Республикасының 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, бұл тарихи датаның орта деңгейдегі “сяокан” қытай қоғамын құру жолындағы маңызды белес екеніне тоқталды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы қазақстандық студенттермен.

Дәріс аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Қытайда оқып жатқан қазақстандық студенттермен әңгімелесіп, олармен бірге естелік суретке түсті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз