Трамп АҚШ азаматтығын алудың тиімді жолын жоймақ

0
133

АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарында дүниеге келген шетел азаматтарының сәбилеріне бірден азаматтық беру құқығын алып тастау туралы шешім қабылдады.

Дональд Трамп АҚШ президенті: Біз шетел азаматы Америка Құрама Штаттарына келіп сәбиін босанғаннан кейін балаға бірден азаматтық беретін және 85 жыл бойы барлық жеңілдіктермен АҚШ-тың азаматы ретінде өмір сүруге мүмкіндік беретін жалғыз елміз. Бұл қолайсыз. Мұндай қолайсыздықты тоқтату керек.

Туыла сала АҚШ азаматтығын алу Құрама Штаттардың Конституциясына енгізілген. Алайда жаңа туған сәбилерге азаматтық беру құқығын алып тастау үшін конституцияға өзгеріс енгізудің қажеті жоқ, президент жарлыққа қол қойса болғаны. Трамптың айтуынша қазіргі уақытта оның әкімшілігі осыған қатысты қаулыны қарастырып жатыр.

Қолға алынған бұл іс Дональд Трамптың көші-қон саясатын қатаңдату мен елге ағылған мигранттар санын азайту барысында жасалып жатқан жұмыстарының бірі болса керек.

Бүгінде шет елдік әйелдер сәбилерін Амерке Құрама Штаттарына барып босанғанды жөн көреді. Мұндағы мақсат – баласына АҚШ азаматтығын оңай әрі тиімді жолмен алып беру.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз