Трамп Айды бағындыруға 1,6 млрд доллар бөледі

0
136
дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп 2024 жылы Ай бетіне америкалықтардың қайта қонуы үшін NASA-ға қосымша 1,6 млрд доллар қаражат бөледі. Бұл турасында Ақ үй басшысы өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

Трамп өз әкімшілігі тұсында NASA-ның айбынын қайта қалыпқа келтіретіндерін, кейіннен Марсқа да қонатындарын жасырмады. “Ғарышқа орасан зор күшпен қайтадан оралу үшін 1,6 млрд доллар қосып, бюджетті жаңартамын”, – деп жазды Трамп.

Бұған дейін NASA Айға адам ұшыруды 2028 жылға жоспарлағандарын хабарлаған еді. Ал 2017 жылы АҚШ Ай бағдарламасын жаңартатындарын мәлім етті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз