Трамп алғаш рет Ирактағы жауынгерлік аймаққа барды

0
111

АҚШ президенті Дональд Трамп Американың бірінші ханымымен бірге күтпеген жерден алғаш рет Ирактағы америкалық Айн-аль-Асад әуебазасына ресми сапармен барды. Ақ үй басшысы бұл сапар жайлы алдын ана хабарламаған.

Бұған дейін Дональд Трамп АҚШ әскерін Сириядан шығару туралы шешім қабылдағанын жариялаған болатын. Алайда бұл сапарында Амерка президенті әскери қызметкерлер алдында Сириядағы АҚШ әскерінің санын азайту туралы ойы жоқ екенін мәлімдеген.

Ирак аумағында “Ислам мемлекеті” лаңкестік ұйымына қарсы күрес барысында Ирак үкіметіне көмектесетін АҚШ-тың бірнеше әскери базасы мен бес мыңнан астам әскері бар.

19 желтоқсан Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Сирия аумағындағы әскерін 60-100 күн аралығында алып шығатынын, сондай-ақ, 2000-ға жуық әскерін лаңкестік ұйымның қалған бөліктерінен аймақты тазарту мақсатында қалдыратынын мәлімдеген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз