Трамп ИМ басшысы әл-Бағдадидің “ізбасары” өлгенін хабарлады

0
31
АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп “Ислам мемлекеті” экстремистік тобының жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдадидің “ізбасарының” өлгенін хабарлады.

 Трамптың пікірінше, әскери операцияның нәтижесінде өлген ДАИШ жетекшілерінің бірі әл-Бағдадидің ықтимал мұрагерлерінің бірі болған.

Трамп содырдың аты-жөнін атамады. Ол сонымен бірге операцияның жай-жапсарына да тоқталмады.

27 қазанда Дональд Трамп АҚШ әскерилерінің Сирияда арнайы операция өткізіп, “Ислам мемлекеті” экстремистік тобының жетекшісі әл-Бағдадидің өзін және жанында бірнеше баланы жарып жібергенін хабарлаған. Операция Сирияның Идлиб провинциясында өтті. Оған әуе және құрлықтағы әскер қатысқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз