Трамп Венесуэлаға қарсы санкцияларды күшейтті

0
66

Дүйсенбіде президент Дональд Трамп Венесуэлаға қатысты санкцияларды күшейту бойынша бұйрыққа қол қойды. Венесуэлада болған президент сайлауында АҚШ-тың пікірінше, көлемді құқық бұзушылықтар болған.

АҚШ билігінің пікірінше, Мадуроның тараптастары өздерін қаржылық тұрғыда қамтамасыз ету үшін жеке мүліктерін сатпақ ниетте. Осы орайда АҚШ азаматтары мен компанияларына кез келген Венесуэла активтерін сатып алуға тыйым салынды.

Deutche Welle басылымы таратқан ақпарға сәйкес,  Оңтүстік Американың бірқатар елдері, сондай-ақ Канада мен Мексика Венесуэладағы өз елшілерін кеңес үшін елдеріне шақыртты. Аталған мемлекеттердің пікірінше, президент сайлауы демократиялық тұрғыда, таза өтпеген. Президент сайлауында жалғыз оппозициялық үміткер Энри Фалькон сайлау нәтижелерін мойындаудан бас тартты. 20 мамырда Фалькон «Біздің көзқарасымызша, бұл сайлау болмады», – деп мәлімдеді.

Фальконның сөзінше, оның тараптастары сайлауда көп құқық бұзушылықтың болғанын мәлімдеп, 142 мың шағым жазған.


20 мамыр Венесуэлада президент сайлауы өтті. Бірнеше сағаттан кейін Орталық сайлау комиссиясы биліктегі президент Николас Мадуроның 5,8 миллион дауыс жинап жеңіске жеткендігін хабарлады. Мадуроның қарсыластары «Әлеуетті авангард» партиясының басшысы Энри Фалькон 1,5 миллион дауыс жинаса, бұрынғы дін қызметкері Ксавьер Бертуччи 800 000 дауыс жинады.

Венесуэлада ұзақ жылдар бойы президент Николас Мадуро мен оппозиция арасында билік үшін күрес жалғасып келеді. Оппозиция президентті диктатурада, елдегі экономиканың құлыдырауы мен жемқорлықта айыптауда. Венесуэлада экономикалық дағдарыс әлемдік мұнай бағасының бірден құлдырауы салдарынан басталды. Халықаралық валюта қоры таратқан ақпарға сәйкес, 2017 жылы Венесуэланың Ішкі жалпы өнімі 12 пайызға төмендеген, инфляция 2600 пайызға асқан.

Ақпанның соңында мемлекет өздерінің El Petro криптовалютасын шығарды. Венсуэла үкіметінің пікірінше, криптовалюта шығару ел экономикасын қалыпқа келтіріп, АҚШ тарапынан енгізілген қаржылық бұғатқа тосқауыл болады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз