Ухань әуежайына 7 айдан кейін алғаш рет ұшақ қонды

0
131
Ухань әуежайы. Photo: blueswandaily.com

Коронавирустың ошағы саналатын Қытайдың Ухань қаласының әуежайына кейінгі жеті айда алғаш рет халықаралық жолаушылар ұшағы қонды. Бұл туралы РИА Новости  хабарлады.

Сеул-Ухан TW-19 рейсі Тяньхэ халықаралық әуежайына жергілікті уақыт бойынша сағат 10.48-де (Нұр-сұлтан уақыты бойынша 08.48 – де) қонған.

Агенттік мәліметінше, Ухань Сеулмен тұрақты әуе қатынасын қайта жандандырған. Осы рейспен келген 60 жолаушы 14 күндік карантиннен өту үшін арнайы қонақүйлерге жіберілген.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Ухан халықаралық әуежайы күн сайын шамамен 500 рейске қызмет көрсететін 73 ішкі рейстерді қайта бастады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз