Украина Еске алу мен татуласу күнін атап өтіп жатыр

0
99
Сурет: Vedmochka.net

8 мамырда Украина халқы Еске алу мен татуласу күнін тойлап жатыр. 1945 жылы осы күні Германия өзінің Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілгенін мойындаған.

Украина жоғарғы радасы 2015 жылы 9 сәуірде коммунизмнен арылу саясaты аясында осы күнді мереке деп мақұлдаған. Сондай-ақ украиналықтар 9 мамырды Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күні ретінде емес, Екінші дүниежүзілік соғыста нацизмді жеңген күн ретінде атап өтеді.

Еске алу символы ретінде қызыл көкнәр саналады.

2004 жылы 8 мамырды БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Еске алу мен татуласу күні деп жариялаған.

Ресей аннексиялап алған Қырым 2014 жылдан бері Жеңіс күнін Қызыл әскер мен Совет халқының нацистік Германияны жеңген күні деп атап өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз