Венесуэлада президент сайлауы өтті

0
82

20 мамыр Венесуэлада президент сайлауы өтті. Бірнеше сағаттан кейін Орталық сайлау комиссиясы биліктегі президент Николас Мадуроның 5,8 миллион дауыс жинап жеңіске жеткендігін хабарлады. Мадуроның қарсыластары «Әлеуетті авангард» партиясының басшысы Энри Фалькон 1,5 миллион дауыс жинаса, бұрынғы дін қызметкері Ксавьер Бертуччи 800 000 дауыс жинады.

Deutche Welle басылымы таратқан ақпарға сәйкес, «Демократиялық бірлік Блогы» оппозициялық партиясының коалициясы сайлауға қатысты бойкот жасады. Оппозициялық блоктың пікірінше, сайлау «легитимдікті симуляциялау үшін биліктің жасаған шоуы» болды. Бұған дейін бірқатар оппозиция өкілдері сайлаудан шеттетіліп, кейбіреулері абақтыға жабылған еді. Кейбір оппозиционерлер шетелге кетуге мәжбүр болды.

Венесуэла президенті 6 жылға сайланады. Мадуро президент лауазымын 2013 жылдан бері атқарып келеді. АҚШ пен Еуроодақ сайлау нәтижелерін мойындауға ниетті еместіктерін жеткізді.

Экономикалық дағдарыс

Венесуэлада ұзақ жылдар бойы президент Николас Мадуро мен оппозиция арасында билік үшін күрес жалғасып келеді. Оппозиция президентті диктатурада, елдегі экономиканың құлыдырауы мен жемқорлықта айыптауда. Венесуэлада экономикалық дағдарыс әлемдік мұнай бағасының бірден құлдырауы салдарынан басталды. Халықаралық валюта қоры таратқан ақпарға сәйкес, 2017 жылы Венесуэланың Ішкі жалпы өнімі 12 пайызға төмендеген, инфляция 2600 пайызға асқан.

Ақпанның соңында мемлекет өздерінің El Petro криптовалютасын шығарды. Венсуэла үкіметінің пікірінше, криптовалюта шығару ел экономикасын қалыпқа келтіріп, АҚШ тарапынан енгізілген қаржылық бұғатқа тосқауыл болады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз