Қырғызстанда желі қолданушылар бөлінбеуге үндеу жасауда

0
10

Қырғызстанда әлеуметтік желі пайдаланушылары «#Мы против третьей революции» хэштегімен жұртшылықты митингке шықпауға шақырып жатыр

Instagram-ның өзінде елдегі толқуларды тоқтатып, бейбіт өмір сүруге шақырған 500-ден астам жазба жарияланды. Олардың авторлары арандатуға берілмеуге, әлдекімнің жағына шығып, жік-жікке бөлінбеуге үндеуде.

Еске сала кетейік, кеше кешкісін бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың үйінде күш құрылымдары мен экс-президенттің жақтастары арасында қақтығыс болды. Соның салдарынан 22 жастағы арнайы жасақ өкілі қаза тауып, 40-тан астам адам жараланған.

Зардап шеккендердің арасында Шу облысы Ішкі істер бас басқармасының бастығы Самат Құрманқұлов та бар. Қазір дәрігерлер оның өмірін сақтап қалудың қамында.

Айта кетсек, бұған дейін Жогорку Кенеш елдің экс-президентінен қол сұқпаушылық мәртебесін алып тастау туралы шешім қабылдаған болатын. Атамбаевқа қатысты депутаттар тарапынан тағылған айыптарды зерттеу бойынша арнайы депутаттық комиссия құрылды. Комиссия жұмысының нәтижесінде оған 6 эпизод бойынша айып тағу шешімі қабылданды. Алайда Бас прокуратура комиссияның жұмысын заң тұрғысынан бағалай келе, тек бес эпизодты қалдырды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз