Қытайдың химиялық зауытында жарылыс: кем дегенде 44 адам қаза тапты

0
138
фото: Reuters

Қытайдың Цзянсу провинциясындағы химиялық зауытта болған өрт салдарынан кем дегенде 44 адам қаза тапты. Бұл туралы South China Morning Post хабарлайды. 

фото: Reuters

Жергілікті биліктің ақпарына сәйкес емханаға 90 зардап шегуші жеткізілген: 32 адамның жағдайы ауыр, 58 адам ауыр жарақат алған. РИА Новости ақпары бойынша аймақтағы 16 емханаға түрлі дәрежеде жарақат алған 640 адам жеткізілген.

Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнынан 88 адамның құтқарылғанын хабарлайды. Жарылыстан кейін қатты өрт қаулап ала жөнелген, 900-ге жуық өрт сөндіруші қызыл жалынмен арпалысқан.

Жарылыс салдарынан жер сілкінісі болған. Қытай сейсмологиялық агенттігі оқиға орнына жақын 2,2 магнитудада жер сілкінгенін анықтады.

Оқиға 21 наурызда пестицид өндіретін Tianjiayi Chemical компаниясына тиесілі зауытта болған. Жарылыстың шығу себебі әзірге белгісіз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз