Өзбекстанда мешіт іздеуге мүмкіндік беретін қосымша пайда болды

0
124
Көрнекі сурет.

Өзбекстанда жақын аумақтағы мешітті іздеуге мүмкіндік беретін Masjid Finder Uzbekistan мобильді қосымшасы жұмыс істей бастады. Бұл туралы Podrobno.uz сайты  хабарлады.

Қазіргі кезде қосымша сынақтан өтіп жатыр және онда Ташкент қаласы және Ташкент, Бұқара, Самарқанд облысындағы 721 мешіттің геодеректері бар.

Алдағы уақытта қосымшаға Өзбекстандағы барлық мешіт жайлы дерек қосылмақ. Бұған қоса, дәрет алу бөлмесі, мешіт жағдай туралы ақпарат беретін қосымша қызметтер де енгізілмек. Қазіргі кезде қосымшаны Android платформасында ғана қолдануға болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз