Өзбекстандағы Қазақстан жылы қалай өтіп жатыр?

0
80
Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев. photo: elbasy.kz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Әзербайжан астанасы Бакуде Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында өтіп жатқан іс-шаралар туралы айтып берді. Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады. 

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевтің басшылығымен қол жеткізілген Өзбекстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелеріне тоқталды.

– Қазақстан мен Өзбекстан өте жақын және маңызды серіктес. Өзара тауар айналымы 2,5 миллиард долларға жетті. Бұған дейін мұндай көрсеткіштер болған емес. Бұл жақсы перспективаларға жол ашып отыр, – деді Назарбаев.

Өз кезегінде Шавкат Мирзиёев екі елдің табысты ынтымақтастығына көбіне Қазақстанның Тұңғыш Президентінің салиқалы саясатының арқасында қол жеткізілгенін айтты.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз