Әзербайжан: Армения 550-ден астам әскерін жоғалтты

0
224

27 қыркүйек күні Әзербайжан мен Армения елдерінің арасында қарулы қақтығыс өткен. Әзербайжан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша қақтығыстан Арменияның 550-ден астам әскері қаза тапты.

Қарабақ тауында Әзербайжан елі 6 ауылдық жерді армениялықтардан босатты. Қақтығыс әлі жалғасып жатыр. Армения жағы 22 танк, 18 дрон және 15 зениттік зымыран кешенінен айырылды, деп хабарлайды Баку. Ереванда бұған дейін қақтығыс кезінде 200-ден астам әзірбайжандық сарбаз қаза тапты деп айтылған болатын.

Екі елдің қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі қарсыластарының техникаларын жарып жатқан видеоларын ғаламторға жүктеген.

Негізінен басым көпшілігі армяндар тұратын Таулы Қарабақ 1991 жылы Әзербайжаннан тәуелсіздігін жариялады. Баку аймақты күшпен қайтарып алуға тырысып, нәтижесінде соғыс басталды. 1994 жылы Әзербайжан, Армения және Таулы Қарабақ бітімгершілік хаттамасына қол қойды, бірақ арасында қақтығыстар қайта басталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз