Әзербайжанда 65 жастан асқан тұтқындар түрмеден босатылады

0
145
Әзербайжан Парламенті Милли Межлис отырысы.

Әзербайжан коронавирустың таралуын тежеу үшін 65-тен асқан тұтқындарға рақымшылық жасайтынын мәлімдеді. Бұл туралы news.az сайты хабарлады.

Президент Ильхам Әлиев 6 сәуірде қол қойған жарлыққа сәйкес, алдағы күндері 176 тұтқын бостандыққа шығады.

6 сәуірде Әлиев карантин уақытын кемінде 20 сәуірге дейін ұзартқан болатын.

Соңғы мәлімет бойынша, Әзербайжанда 641 адамнан коронавирус табылған. 7 адам қайтыс болған. 44 адам жазылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз