Жапон теңізі үстінде ресейлік екі әскери ұшақ соқтығысты

0
141

Ресейдің Қиыр Шығыс аймағында Жапон теңізі жағалауынан 35 километр қашықта екі Су-34 жойғыш әрі бомбалаушы ұшағы соқтығысты. Бұл ақпаратты Ресей қорғаныс министрлігі растады.

Қос ұшақ 18 қаңтар күні таңертең Амурдағы Комсомольск қаласына жақын Хурба әуежайынан ұшып шығып, кейін радардан жоғалып кеткен. Екі ұшақ әуеде маневр жасап жүргенде соқтығысқан. Оқыс оқиғадан ұшақтардың бірі теңізге құлады. Кейбір мәлімет бойынша, қозғалтқышы бұзылған бір ұшақ әуежайға қонған.

“Интерфакс” агенттігінің өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, екі ұшақтың да ұшқыштары тірі. Катапультпен секіріп кеткен бір ұшқыш Татар бұғазынан табылған. Құтқарушылар екінші ұшқышты іздеп жатыр.

Азаттық радиосының хабарлауынша, Су-34 ұшақтарын “Сухой” компаниясы жасап, 2014 жылы қарулы күштер сапына алынған. Стратегия мен технологияны талдау орталығының есебінше, 2018 жылы Ресей армиясына мұндай типтегі 12 ұшақ қосылған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз