Жапон теңізінде кеме китпен соқтығысты: 80 адам зардап шекті

0
94
NHK кадрынан алынды

Жапон теңізінде реактивті кеме китпен соқтығысты. Бұл туралы NHK хабарлайды. Оқиға салдарынан 80-ге жуық жолаушы зардап шеккен, оның 13-нің жағдайы ауыр.

Кеме Нигата префектурасында Садо аралына бағыт алған, 120 жолаушы болған. Апаттан кейін де кеме жүзуін тоқтатпай, бір сағат кешгіп белгіленген жағаға жеткен. Жарақат алғандар жақын маңдағы емханаға жеткізілген.

Жағажай күзетінің өкілдері апаттан кейінгі кемені зерттеп, кеменің шетінен 15 сантиметр тереңдікте жарық тапқан. Сондай-ақ кеменің су асты қанаттары зақымданған.

Джоэцу қаласындағы муниципалды аквариум вице-директоры Синичиро Икегучидің сөзінше кеме мен кит соқтығысып қалған. Қазіргі уақытта киттерді Жапон теңізі арқылы миграциялайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз