«2 млн 600 мың бала жазғы сауықтыру лагерінде демалады» – Ерлан Сағадиев

0
81

Бүгін кезекті Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді өткізу, жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру барысындағы баяндамасында мектеп оқушыларының 92 пайызы жазғы сауықтыру лагерлерінде демалатынын мәлімдеді.

Ерлан Сағадиев ҚР Білім және ғылым министрі: Биылғы жылы 1-10 сынып оқушыларының 2 миллион 600 мың баласы, яғни 92%-ы лагерлерде демалады деп күтілуде. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 120 мың балаға артқан. Сондай-ақ, 1 маусымнан бастап 1.5 миллион балаға арналған 12.5 мың мектеп жанында лагер жұмысын бастайды. Барлығы 125 қала сыртындағы және 2000-ға жуық спорттық шатырлы, киіз үйлі лагерлер жұмыс істейті.

Сонымен қатар, жазғы уақытта барлық білім беру мекемелерінде секциялар, клубтар, саяхаттар жұмыс жасайды. Оған 2.5 миллионнан астам оқушы қатысатын болады. Жазғы демалыстың ең бірінші шарасы, 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні өткізілетін мектепшілік музыкалық парад. Халықаралық балаларды қорғау күні өткізілетін бұл парадқа барлық аймақтардан 500 мыңнан астам оқушы қатысады деп күтілуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз