Ұлттық біріңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз қалады

0
87

Білім министрі Ерлан Сағадиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде 2018 жылы Ұлттық біріңғай тестілеудің қалай өтетіндігі жайында қойылған сұрақтарға жауап берді.

Министр баспасөз мәслихатында «Министрлік бұл мәселеде өз жұмыстарын атқарып келеді. Біз грантты алу барысында түлектер үшін тең жағдайды қамтамасыз етуге уәде еттік. Заң қазірдің өзінде қабылданды. Алдағы уақытта «Алтын белгі» иегері қарапайым бітіруші түлекпен балдары тең дәрежеде болған жағдайда ғана басымдықты құқыққа ие болады. Жалпы, ҰБТ-ны тапсыру форматы бұрынғысынша қалады. Өзгертілген бір ғана нәрсе, сұрақтардың көлемі ұлғайтылды. Өткен жылы сұрақтардың 25 пайызын ауыстырған едік, биыл тағы да 25 пайызы өзгерді», деп мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз