219 оқушы қатысқан жасөспірімдер олимпиадасы өз мәресіне жетті

0
125

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда ІІ республикалық жасөспірімдер олимпиадасы басталды.

27-29 мамыр күндері “NURORDA” мектеп-лицейінде екінші рет республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. 

Республикалық кезеңге Қазақстанның барлық аймақтарынан 223 оқушы іріктеліп, 219 оқушы қатысты.

Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қатысушылары.

Олимпиадада интеллектуалды сайыстан басқа, экскурсиялар, психологиялық тренингтер, интеллектуалды және қозғалмалы ойындар өткізілді.

“Біз бұл олимпиадада оқушыларды облысқа бөлуден бас тарттық керісінше, оларды пәндер бойынша командаға біріктіруді шештік. Осы сәттен бастап жас олимпиадашылар басқа өңірлерден келген өз құрдастарымен танысып, болашақ олимпиадаға дайындықтарын өз тұрғылықты жеріне қарамастан жүзеге асырады”, – дейді ұйымдастырушылар.

Семинарда Муаммер Гүл және Хаджимуратов Нурсултан секілді республиканың үздік олимпиадалық жаттықтырушылары шеберлік сабағын өткізді.

Қазылар алқасының шешімімен  І дәрежелі дипломмен – 20 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен – 28 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен – 47 оқушы және Олимпиада демеушісі “ExxonMobil Kazakhstan Inc.” компаниясының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Жеңімпаздарды марапаттау сәті.

Бас жүлдені 5 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен “Жасөспірімдер арасындағы республиканың ең үздік олимпиадалық мектеп” Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі иеленді.

Бірінші орын ең танымал олимпиада мектептерінің бірі Алматы қ. №165 мамандандырылған лицейінің командасына берілді.

ІІ орын – Алматы қ. “Білім-инновация” лицей-интернатына және “NURORDA” мектеп-лицейі алса, ІІІ орын – Қарағанды қ. №1 “Білім-инновация” лицей-интернатына және Нұр-Сұлтан қ. Республикалық физика-математика мектебінің филиалына берілді.

Мектептер рейтингін есептеу халықаралық спорттық және зияткерлік олимпиадаларда қабылданған әдістеме бойынша жүргізілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз