27 түлек ҰБТ-дан бірде-бір балл жинай алмады

0
96
дереккөзден

2018 жылы 27 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуден бірде-бір балл жинай алмаған. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық  тестілеу орталығы хабарлады.

Орталық барлық жағдайда жауап беру парақтарының толыққанды боялмағандығын алға тартты.

Түлектердің осы жылдың 15-19 тамыз аралығында қайтадан тест тапсыруларына мүмкіндіктері бар, дегенмен, мемлекеттік грантқа үміткер бола алмайды.

“Нәтижелері жойылған және ҰБТ-ға қатыспаған тұлғалар үшін 43-ші типтік ережедегі нақтыланған пунктке сәйкес, шекті балл жинай алмағандарға осы жылдың күнтізбесіндегі 15-19 тамыз аралығында жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қайтадан ҰБТ өткізіледі. Осыған сәйкес түлектер 25 шілдеден 3 тамыз аралығында қабылдау комиссиясына оқуға түсу үшін тиісті құжаттарды ұсынады”, – деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы.

Аппеляцияға берілген (0 балл алу) 45 жағдайың 28-і техникалық ақау салдарынан болған. Бұл түлектердің тестілеу нәтижесі Республикалық аппеляциялық комиссия тарапынан қаралып, нақты нәтижелеріне сәйкес, сертификаттар берілген.

Өз кезегінде Ұлттық тестілеу орталығы техникалық ақаулардың себептерін жауап беру парағындағы ақаумен, жауаптарды сканерлеу кезінде жауап парақтары секторларының ауысып кетуімен түсіндірді.

Осы жылы Қазақстанда ҰБТ-дан шекті баллды 85 пайыз түлек жинай алды, республика бойынша орташа балл – 85.

Сафина Саид

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз