80 студент президент шәкіртақысының иегері атанды

0
98
Сурет: Қазақпарат

22 қараша күні Алматыдағы “Тұран” университетінде жыл сайынғы ҚР Тұңғыш Президенті Қоры студенттік шәкіртақысының иегерлері анықталды.

Байқауға қатысушылардың оқудағы көрсеткіштері ғана емес, ғылыми және шығармашылық өмірдегі белсенділігі де ескерілген. Қазақстан бойынша 40-тан астам жоғары оқу орнынан 500-ге жуық өтініш қабылданған.

“ҚР тұңғыш президенті қорының шәкіртақысы тек жоғары үлгерімді ғана емес, сонымен қатар үлкен ұмтылыс пен табысқа деген күшті ынталандыру екендігін айт кеткен жөн. Қатысушы барлық студент өз ЖОО мен қаланың қоғамдық өмірінде білім мен жетістіктердің жоғары деңгейін көрсетті”, – деді қордың Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

Қазақпараттың хабарлауынша, үздік оқығаны үшін Қазақстанның 80 студенті жыл бойы, әр  ай сайын Қордың атаулы стипендиясын алатын болады. Президент шәкіртақысының көлемі бакалавр студентіне 41 898 теңге болса, магистранттарға 107 060 теңге.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз