Ахмет Байтұрсынұлы білім академиясы ұлт ұстазының туған күнін атап өтті

0
542

5 қыркүйек – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Осыған орай Ахмет Байтұрсынұлы білім академиясында “Бүгінгі білім беру: тәжірибе мен жаңашылдық” тақырыбында ғылыми-практикалық мәжіліс өтті. Шараға ЖОО-ның жетекші ғалымдары мен еліміздегі үздік білім мекемелерінің көшбасшылары қатысып, тақырыпқа қатысты пікірлерін ортаға салды.

Ахмет Байтұрсынұлы Білім Академиясының директоры Ұлан Еркінбай.

Мәжіліс аясында А.Байтұрсынұлы білім академиясы мекемесінің жаңадан құрылған Академиялық кеңесінің ережелері мен құрамы таныстырылып, мүшелік куәліктері табысталды.

Ахмет Байтұрсынұлы Білім Академиясының құрылтайшысы Нұрлан Құрақбай мен ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы.
Ахмет Байтұрсынұлы Білім Академиясының құрылтайшысы Нұрлан Құрақбай мен “Білім-инновация” ХҚҚ-ның президенті Дархан Өте.
ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы мен Astana Garden Schools басшысы Нұрмұхаммед Досыбаев.

Жиын соңында А.Байтұрсынұлының рухына құран бағышталып, ас берілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз