Алғашқы ақылы ҰБТ

0
146

Республикада Ұлттық біріңғай тестілеуді (ҰБТ) алғаш рет ақылы түрде тапсырды.

tengrinews.kz ақпараттық агенттігінің мәліметінше елдегі алғашқы ақылы біріңғай тестілеуге 9 мыңға жуық талапкер қатысқан.

Ұлттық біріңғай тестілеуге 11 мен 12 сыныптардың оқушылары, жоғары оқу орындарында шартты түрде оқып жүрген студенттер мен шығармашылық мамандығын ауыстыруға ниеттенген университет шәкірттері қатысты.

Қаңтардың 20 жұлдызына дейін жалғасын табатын тестілеу емтиханына жалпы 35 мыңнан астам оқушы қатысатын болады. Олардың 25 615-і қазақ тілінде, 10 162-сі орыс тілінде және 61 оқушы ағылшын тілінде білімдерін сынап көреді.  Бұл ҰБТ-ның қорытындысы бойынша алатын сертификат тек ақылы жоғары білім алуға мүмкіндік береді.

  

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз