“Аль-Азхар” университетінде Абай орталығы мен “қазақ тілі” мамандығы ашылады

0
187
Мысырдағы "Аль - Азхар" университетінің кампусы.

Мысырдағы “Аль-Азхар” университетінде Абай Құнанбаев орталығы мен “қазақ тілі мамандығы ашылады. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Қазақстанның Мысырдағы елшісі Арман Исағалиев “Аль-Азхар” университетінде Абай орталығын ашуды және оқыту бағдарламасына “қазақ тілі” мамандығын енгізуді ұсынды. Ректор Мухаммед аль-Махрасауи бұл бастаманы оң қабылдады және өз тарапынан оның жүзеге асуына қолдау көрсететінін жеткізді”, – деп хабарлады сейсенбіде ҚР СІМ Исағалиевтің аль-Махрасауимен кездесу қорытындысы бойынша.

Бұл бағыттағы жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірге жүргізілетін болады.

Еске салайық, қазақстандықтар 2020 жылы ақын, философ және ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өтуге дайындалып жатыр.

“Аль-Азхар” университеті әлемдегі ең байырғы және ең беделді ислам ЖОО бірі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз