Астанада мектеп формасы мен оқу құралдарының құны қанша

0
500
дереккөзден

Тамыз айы жаздың соңғы маусымы, қыркүйекте мектепке баратын балаларын дайындайтын ата-аналар үшін мектеп формасы, оқу құрал-жабдықтарының бағасы мен сапасының маңызы бар екені айқын. Осы орайда Kazaknews.kz елордадағы оқу-құрал жабдықтарын сататын дүкендер мен мектеп формаларын сататын сауда үйлеріндегі бағаларды айқындап көрді.

Астанадағы оқу-құралдарын сататын  кеңсе тауарлары дүкендерінде сатушылардың сөзінше, бір баланы оқу-құралдарымен толық қамтамасыз ету үшін 10 мың теңгенің көлемінде қаражат кетеді.

Мәселен, аталған дүкенде балаларға арналған сөмкелер құны 4000 теңгеден 14 мың теңге аралығында. 12 беттік тор көз және жол дәптерлер құны 17 теңгені құрайды, күнделіктер 300 теңгеден басталса, қаламсаптардың ең арзаны – 40 теңге.

 

Оқу құралдарын сататын “Abdi” дүкенінде 12 беттік тор көз және жол дәптерлердің 1 данасы 12 теңге тұрады, пәнге арналған дәптерлер құны 280 теңгеден басталса, сурет салуға арналған албьом құны 300-1300 теңге аралығында.

Жалпы дәптерлер құны 100-400 теңге аралығын құраса, күнделік құны – 300 теңге. Мектеп табалдырығын енді аттайтын балаңыздың ой-өрісін дамытуға арналған “Шығармашылық жинақтар” құны 2000-4000 теңге аралығында. Түрлі түсті қағаздар 500-800 теңгені құраса, түсті қаламсаптар жинағы құны 200-1200 теңге аралығында.

Астаналық ата-аналар балаларын мектеп маусымына дайындауды бастап кеткен

Мектеп формаларына келсек, сатушылардың сөзінше, қыз баланы мектепке дайындау ер балаға қарағанда әлдеқайда қымбатырақ. Мәселен, ер баланың формасы (костюм, шалбар, жейде) 19000 теңгені құраса, қыз баланың формасына бұдан әлдеқайда көбірек ақша кетеді.

Астанадағы жергілікті базарларда бастауыш сыныпқа баратын қыз баланың жейдесі 6 мыңнан 9 мың теңге аралығында, сарафандар құны 10-12 мың теңге аралығында, белдемше мен жейде құнын қоса алғанда қыз балаға 10-12 мың теңге қаражат жұмсалады. Қыз баланың спорт формасы 8-11 мың теңгені құраса, ер балаға арналған спорт киімі 10 мың теңге тұрады. Сатушылардың сөзінше, бірінші сыныпқа баратын қыз баланы мектепке дайындау үшін шамамен 40 мың теңге қаражат жұмсалады.

Астанадағы өзге де мектеп формаларын сататын дүкендерде бастауыш сыныпта оқитын ер балалардың мектеп формасы 19000 теңге тұрады, қыз балаға арналған белдемше 5-8 мың теңге, жейде – 5-8 мың теңге, шалбар 5-8 мың теңге, сарафан 10-12 мың теңге аралығында, қыз бала мен ер балаға арналған спорт  киімі 10-12 мың теңге аралығын құрайды.

Астана тұрғыны, ата-ана Ильяның айтуынша, 2 сынып оқитын қызын 1 қыркүйекке дайындау үшін кем дегенде 70-80 мың теңге қаражат кетеді. “1 қыркүйекке дайындауымызға 70-80 мың теңге көлемінде жұмсаймыз, сондай-ақ жыл бойы да оқу-құрал жабдықтарын, киім-кешектерін әпереміз, оған тағыда қосымша қаражат жұмсалады. Оқу-құралдары мен мектеп формасын алатын дүкендерді баппен таңдамаймыз. Жол бойындағы дүкендерден аламыз”, – дейді ата-ана.

Бұған дейін Алматы қаласындағы мектеп формаларының құнына қатысты ақпарат тараған еді. Алматыда бір ер баланы мектепке дайындау үшін 26 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалады, аталған сомаға 2 500 теңгеге жейде, 5000 теңгеге костюм (комплект), спорт киімі – 5000 теңге, 3 мың теңгеге кроссовки, 4 500 теңгеге жеңіл аяқ киім алуға болады. Қыз балаға да дәл осы сомада, бірақ шашына тағатын өзге де ұсақ-түйектерін есепке алғанда 30 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалады.

Оқу-құралдары

Бағасы

Дәптер

Қаламсап
Жалпы дәптер
Күнделік
Сөмке
Акварель
Сурет салу альбомы
Пенал
Түрлі-түсті қағаз
Картон
12-17 теңге аралығында
40-200 теңге аралығында
100-400 теңге аралығында
300 теңге
4000-15000 теңге
200-800 теңге
100 -2000 теңге
300-3000 теңге
35-1000 теңге
140-950 теңге

 

Мектеп формасы

(қыз балаларға)

Бағасы

Жейде
Белдемше
Сарафан
Шалбар
Спорт формасы
Жалпы алғанда: 40000 теңге сомасында қаражат жұмсалады
5000-8000 теңге
5000-8000 теңге
10000-12000 теңге
5000-8000 теңге
10000-12000 теңге

 

 

Мектеп формасы

(ер балаларға)

Бағасы

Костюм-шалбар (комплект)
Жеңіл аяқ киім
Кроссовки
Спорт формасы
Жалпы алғанда: 30-35000 теңге сомасында қаражат жұмсалады
19000 теңге
2500-15000 теңге
3000 теңге және одан жоғары
10000-12000 теңге

 

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз