Астанада өткен ашық сабақта “Мәдени паспорт” жобасы таныстырылды

0
125

28 қараша күні Астанадағы «Nurorda» мектеп-интернатында «Ұлы даланың жасампаз жастары» атты Республикалық интербелсенді ашық сабағы өтті.

Республикалық ашық сабаққа «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» және «Білім Орда» Халықаралық қоғамдық қорларына қарасты 30-дан астам білім беру мекемелерінің ұстаздары, ата-аналары және оқушылары онлайн түрде қатысты.

Ашық сабақ барысында оқушылар президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын заманауи түрде жаңаша әдістермен іске асыру қажет екендігін алға тартады.

Сатанов Арыстан Болатұлы, «Білім-Инновация» лицейлерінің әдіскері:

– Бүгінгі республикалық ашық сабақта оқушылар ақпараттық, инновациялық технологияларды және виртуалды қосымшаларға негізделген әр түрлі бағдарламалар мен бірқатар әдістерді қолдану арқылы мақаланы жоғары деңгейде талқылап шықты. Әрине 1 сағат көлемінде Елбасының көтерген мәселелерін шешу мүмкін емес, оны алдағы уақытта осындай ашық сабақ шеңберінде талқылап қана қоймай, практикамызда іске асырылуы қажет деп санаймын. Оқушыларымыз аталмыш мақалада айтылған ой-пікірлерді әрі қарай жоғары дәрежеде, заманауи түрде жаңаша көзқараспен іске асырады деген ойдамын. 

Сондай-ақ ашық сабақ барысында  оқушылардың әлеуметтік белсенділік, мәдени, өнер, спорт, нақты айтқанда жан-жақты дағдыларын қалыптастыру мақсатында баламасы жоқ «Мәдени паспорт» жобасы таныстырылды.

Әбсатаров Аймар, Астана «Білім-Инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы:

– Маған сабақ өте ұнады, қызықты өтті. Сабақ барысында Елбасының жаңа мақаласын талдау арқылы, тарихқа негізделген құжатта болашаққа бағдар беретін нақты тапсырмалар айқын көрсетілгеніне көз жеткіздім.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз