Астанадағы “Білім-инновация” лицейіне жаңа ғимарат берілді

0
221

Дарынды қыздарға арналған «Білім-инновация» лицейінің оқушылары биыл жаңа ғимаратта білім алады.  Елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай  аталмыш оқу орнының ашылғандығына 15 жыл болса да, оған жеке ғимарат бөлінбеген еді.

Бүгінде «Білім-инновация» лицейінің оқушылары қалалық, республикалық, халықаралық пән олимпиадаларында жүлделі орындарды иеленіп келеді. Бұл лицейде оқуға түсу үшін өткізілетін конкурстың жоғары екендігін көрсетсе керек. Дәлірек айтқанда, бір орынға 20 адамнан келеді.

Ата-аналардың арызын тыңдаған және де ауданның дамуын есепке қоса алған әкім 188 көшеде жақында ғана бой көтерген мектепті дарынды қыздарға арналған «Білім-инновация» лицейіне беруді ұйғарды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз