Астанадағы “Білім-инновация” оқушыларының жылдық жетістігі көңіл қуантады

0
163

2018 жыл “Білім-инновация” Халықаралық қоғамдық қорының оқушылары үшін табысты өтті. Түрлі халықаралық олимпиадаларда үздік шыққан білімпаздардың бір жылғы жетістігі Астана әкімдігінің ресми сайтында жарияланды. 

18-24 маусым. Родос аралы.

Астана “Білім-инновация” лицейінің 10 сынып оқушысы Данат Дүйсенбеков

Маусым айында жасөспірімдер арасында математика пәнінен XXII Балқандық олимпиада өтті. Қазақстан командасы 22 елдің арасында үшінші орынмен жақсы нәтиже көрсете білді. Қонақ елдер арасында көшбасшы атанғанын айта кеткен жөн.  Қоржында екі алтын, үш  күміс, бір қола медаль. “Білім-инновация” лицейінің 10 сынып оқушысы Данат Дүйсенбеков тапсырмалардың көпшілігін шешіп, ең жоғары көрсеткішпен алтын медаль иеленді.

8-15 шілде. Саха Республикасы (Якутия). 

Болгария, Венгрия, Индонезия, Қазақстан, Монғолия, Ресей және Румыния оқушыларының қатысуымен математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша “Туймаада -2018”  XXV халықаралық олимпиадасы өтті.  Ұлттық құрама сапындағы “Білім және инновация” лицейінің 10 сынып оқушысы Данат Дүйсенбеков күміс медальмен марапатталды. Ол “Сандар теориясы – ең терең таным” аталымында ерекшеленген.

3-14 шілде. Румыния.

Әлихан Құдайбергенов

Шілде айында Румынияда 116 елден 615 оқушы қатысқан математикадан халықаралық олимпиада өтті. Жарысқа қатысқан Қазақстан құрамасы 4 күміс, 2 қола жүлдені еншіледі. Жалпы командалық есепте Қазақстан үздіктер қатарынан көрінген болатын. Команда құрамында “Білім- инновация” лицейінің 11 сынып оқушысы Әлихан Құдайбергенов те бар.

15-22 шілде. Иран. Тегеран қаласы. 

Ортада Олимпиададан жүлделі оралған Аманжол Қуантай

Жаздың екінші айында Иран елінде өткен  XXIX  халықаралық биология олимпиадасында Қазақстандық оқушылар екі күміс, екі қола медаль жеңді. Олимпиадаға 71 елдің оқушылары қатысты. “Нұрорда” лицейінің 10 сынып оқушысы Аманжол Қуантай екінші орын иеленді.

21-29 шілде. Лиссабон.

Кемел Нұрдаулет

Шілде айының соңында Португалияда физикадан халықаралық олимпиада (International Physics Olympiad, IphO-2018) өтті. IPhO-2018-да Қазақстан атынан бес оқушы қатысты. Олардың төртеуі қола медальды қанжығаларына байлаған болатын. Оқушылар қатарында “Нұрорда” лицейінің 11 сынып оқушысы Кемел Нұрдәулетті атап өткен жөн.

13-18 тамыз. Қытай.

Жаздың соңғы айында аспан асты елінің Наньчан қаласында математика пәнінен “Батыс-қытай Олимпиадасы” өтті. Оған Қытай, Индонезия, Филиппин, Сингапур және Қазақстаннан 246 оқушы қатысқан болатын. Қазақстан намысын Астана және Алматы оқушылары қорғады. Нәтиже күткендегіден әлдеқайда жоғары болды. Қазақстандық оқушылардың қоржыны екі “алтын” және екі “күміс” медальмен толықты. Ал, “Білім-инновация” лицейінің 9 сынып оқушысы Данат Дүйсенбеков топ жарып, алтын медаль иеленді.

1-8 қыркүйек. Жапония.

Қыркүйекте Цукуба қаласында информатика пәні бойынша ХХІХ Халықаралық олимпиада өтті. Айтулы интеллектуалды сайыста әлемнің 85 елінен 900-ден астам жасөспірім қатысты. Халықаралық “Spectrum” мектебінің оқушысы Нұрбақыт Мәдібек қола медаль иегері атанды.

1-7 қыркүйек. Мәскеу. 

Мәскеу олимпиадасынан жүлделі оралған Елордалық оқушылар.

Күздің алғашқы күндері Ресей астанасында III “Мегаполис олимпиадасы” өтті. Командалар бір мезгілде математика, физика, химия және информатика пәндерінен түрлі есеп шығарып, тапсырма орындады. Елорда намысын “Білім-инновация”, “Нұрорда”,  №66 лицей және физика-математикалық лицей оқушылары қорғады. Жалпы командалық есепте Астаналық өрендер 33 команданың арасында үшінші орынға лайық деп танылды. Ал жеке есепте математика пәні бойынша күміс медалға “Білім-инновация” лицейінің 10 сынып оқушысы Данат Дүйсенбеков ие болса, “қола” жүлдені “Нұрорда” лицейінің 10-сынып оқушысы Бибігүл Қонқаева еншіледі.  Информатика пәні бойынша қола медаль “Нұрорда” лицейінің 9-сынып оқушысы Қанатұлы Аманболға бұйырды.

23-27 қазан. Бразилия. Нову-Амбургу қаласы.

Қазан айында 19 астаналық оқушы Бразилияда өткен ғылыми жобалар байқауына қатысты. Байқау XXXIII халықаралық “Mostra Internacional de Ciência e Tecnologia” (Mostratec) білім беру көрмесінің аясында өткен болатын. Ең үздік жұмыстардың қатарында 7 астаналық оқушының еңбегі де бар. Нәтижесінде астаналық оқушылар 5 алтын, 9 күміс және 5 қола медальды жеңіп алған болатын.

8-13 желтоқсан. Әзірбайжан. Баку.

Жыл соңына таяу мектеп оқушыларынан құралған Қазақстан құрама командасы физика, химия, математика пәндерінен Бакуда өткен “Дарындарды даярлау зертханасы” халықаралық олимпиадасына қатысты.  Данат Дүйсенбеков алтын медаль, ал “Нұрорда” лицейінің 7 сынып оқушысы Нұрдаулет Назарбай грамотамен марапатталды.

Алматы. 10-шы халықаралық Еуразия олимпиадасы.

«Spectrum: impulse» командасы

Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетімен бірлесіп, Х халықаралық Еуразия олимпиадасын өткізді. Құрамында Жан Құрбанбаев, Аманбол Қанатұлы және Манас Мәулен бар елордалық «Spectrum: impulse» командасы I дәрежелі диплом мен алтын медальға ие болды. Оқушылар арасындағы бағдарламалау бойынша  өткен ХІХ Бүкілресейлік командалық олимпиадада Елордалық оқушылар II дәрежелі диплом жеңіп алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз