ҚазҰУ-да постдокторантура бағдарламасы ашылды

0
168

Қазақстан жоғары оқу орындарының ішінде алғаш рет Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да  постдокторлық бағдарлама ашылды.

Әлемдік тәжірибеде потсдокторантура институты жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлаудың тиімді нысандарының бірі, әрі ғылымның негізгі қозғалтқышы. ҚазҰУ-дың жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес келетін постдокторантура бағдарламасы ең алдымен ғылыми дәрежесі бар жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруды көздейді.

Қазақпарат хабарлағандай бағдарлама ҚазҰУ-дың ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметіне қазакстандық қана емес, бүкіл әлемнің ғалымдарын тартуға септігін тигізеді деп жоспарланып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз