Қазақстан-Корея арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді – Ким Дэ Сик

0
637

Корея Республикасы мен Қазақстанның саяси ынтымақтастық қарым-қатынасына биыл 26 жыл толып отыр. Осыған орай екі ел арасындағы достық қарым-қатынас бүгінге дейін қалай өрбіді, болашаққа бастар жаңа дәуір қалай болмақ? Бүгінгі сұхбатымызда осы сынды сауалдарға Оңтүстік Корея елшісі Ким Дэ Сик мырза жауап берді.

Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасқа 26 жыл толуына орай Қазақстандағы Корея елшілігі қандай маңызды шараларды қолға алуда?

26 жыл аз болып көрінгенімен бұл тарихи-саяси кезең Қазақстан мен Корея мемлекеттері қарым-қатынасының жақсаруы, нығаюы барысындағы өте маңызды кезең болды. Екі елдің ынтымақтастық байланысы әлі күнге дейін бүгін бастау алғандай достық қарым-қатынаста жалғасып келеді.

Бүгінде осы екі ел арасында экономика және мәдениет саласы қарқынды дамып келеді. Мәдениет саласында біздің мемлекеттеріміздің арасында көптеген іс-шаралар өткізілуде. Халық арасындағы ауысым, яғни Корей мәдениетіне қызығушылық танытатын қазақтар немесе Қазақстанның мәдениетіне қызығушылығы артып қазақ еліне келіп жатқан кәрістер артып келеді. Қазақстандық жастар кәріс мәдениетінің «фанаты» десем де артық етпейді.

Алдағы уақытта Қазақстанда Кореяның дәстүрлі мәдениетінен сыр шертетін шаралар көптеп ұйымдастырылатын болады. Келесі жылғы Корея президенті Мун Чже Иннің Қазақстанға ресми сапары Қазақстан мен Корея арасындағы саяси яки достық қарым-қатынас одан әрі арта түсетініне сенімім мол.

Екі ел арасындағы мәдени шараларға оралатын болсақ, алдағы уақытта Қазақстанда әйгілі К-Поп деңгейінде бірнеше үлкен концерттік іс-шара дайындайтын боламыз. Кореяның дәстүрлі мәдениетін көрсететін шаралар ұйымдастырылуда. Оның ішіне музыка, би, көрмелер кәріс елінен алып келінеді.

2009 жылы Қазақстан мен Корея стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізген болатын. Міне келесі жылы сол келісімге 10 жыл толуына орай стратегиялық әріптес ел ретінде 10 жылдық тарихы бар Қазақстандағы Корея елшілігі жаңа ғимаратқа қоныс аудармақ. Аталған шара барысында Қазақстанға кореялық танымалдар, әншілер, өнер жұлдыздары ат басын бұрады.

Қазақстан мен Корея арасындағы жаңа дәуір

Қазіргі уақытта екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Жаңа дәуір бастау алғалы тұр. Қазақстан мен Корея арасындағы жаңадан қолға алынған іс-шаралар жоспарынан бұрын бүгінге дейін жеткен жетістіктерімізді атап өткен жөн болады деп ойлаймын.

Бүгінге дейін Кореяның үлкен LOTTE (кондитерлік компания) корпорациясы Алматыдағы Рахат фабрикасын сатып алған болатын. Бүгінде өте табысты жобаға айналып отыр. Ал Кореяның ұлттық мұнай корпорациясы Каспи теңізіне жақын үш қалада Ақтау, Атырау, Ақтөбе қалаларында мұнай өндірумен айналысуда.

Сонымен қоса өздеріңіз жақсы білетін Астана қаласындағы Highvill компаниясы ақылды үйлер жобасында көш бастап тұрғаны анық. Бүгінге дейін қол жеткізілген, жүзеге асырылып жатқан келісімдерден тыс, жаңа бағыттарды айтар болсам, ол ең алдымен медицина саласы. Сондай-ақ, күннен қуат алатын энергия көздері саласы қолға алынуда. Қазақстан 2017 жылғы халықаралық ЭКСПО көрмесінен кейін бұл салаға ерекше көңіл бөле бастады. Екі апта бұрын кореялық компания Қазақстанның оңтүстігінде, яғни Түркістан облысында күн энергиясын өндіретін кәсіпорын ашатын болып келісімшартқа отырды. Міне бұл қолға алынып жатқан жаңа бастамалардың барлығы дерлік Қазақстан мен Корея Республикасының саяси ынтымақтастық және сауда қарым-қатынасын одан әрі қарқынды дамытары сөзсіз.

Тағы да бастау алып жатқан үшінші сала IT мен цифровизация. Бүгінде Қазақстан жедел дамып келеді. Цифровизацияға аса көп көңіл бөлуде. Сол себептен Кореяның көп жылдық тәжірибиесі бұл саланың Қазақстанда дамуына зор үлесін тигізеді.

IT саласында Корея өзінің смарт технологияларын Қазақстанға толықтай енгізуге дайындалуда. 2019 жылы Қазақстан президенті мен Корея президентінің кездесуінен кейін бұдан өзге жаңа бағыттағы салалар қолға алынатын болады. Ал аталған салаларға екі ел басшылары тағы да ден қойылар болса қарқынды бұдан әрі қарқынды дамитынына сенімдіміз.

Кореялық университеттердің қазақстандық студенттерге берер қандай жеңілдіктері мен шәкіртақылық бағдарламалары бар?

Екі елдің қарым қатынасына Кореядағы қазақ студенттер мен Қазақстанның мәдениетіне қызығушылық танытқан Корея жастардың қосар үлесі артып келеді. 

Бүгінде Кореяда 900-ге жуық қазақстандық студенттер білім алуда. Осы студенттердің ішінде ең көбі әр университеттің жеке степендиялық бағдарламалары бойынша білім алуда. Яғни Кореялық университеттерде білім алғысы келетін студенттер қазақстандық «Болашақ» бағдарламасынан бөлек кореялық университеттерге тікелей құжаттарын тапсыру арқылы шәкіртақыға немесе 15 пайыздан 85 пайызға дейінгі жеңілдіктерді алуға мүмкіндігі болады.

Корея үкіметі жыл сайын шетелдік студенттерге арналған шәкіртақы тағайындайды. Алайда ол шәкіртақының саны шектеулі. Яғни Қазақстаннан жылына 2 студент ғана қабылданады. Әрине 2 орын аз сияқты көрінуі мүмкін. Алайда кейбір мемлекеттер үшін 1 ғана шәкіртақы бөлінеді. Бұл бағдарлама әлемнің барлық елдеріне бірдей жарамды емес. Кореялық жоғарғы оқу орындағы Қазақстанды жаңашыл көзқараста, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын, қарқынды дамып келе жатқан, потенциалы мол мемлекет ретінде қарайды. 1991 жылдан бері 140 адам мемлекеттік шәкіртақыға ие болған. Ал университеттерге тікелей құжат тапсыру арқылы білім алған студенттердің саны бірнеше мыңнан асады. Міне сол себептен мемекеттік бағдарлама арқылы оқуға тапсырғанға қарағанда жоғарғы оқу орындарына жеке тапсырған тиімдірек.

1 жыл ішінде Қазақстанда кәріс тілін үйренушілер саны 3 мыңға артқан. Өз кезегінде Кореядаға қазақ студенттер өз мәдениеттерін кәріс халқына таныстыруда. Бұл екі ел мәдениеті үшін қуантарлық жайт.

Корея өз елінде заңсыз жүрген Қазақстан азаматтары үшін “жасыл дәліз” режимін енгізді. Бұл қаншалықты дәрежеде жүзеге асырылатын болады?

Мен жақында ғана Кореяда Сыртқы істер министрінің қабылдауында болып келдім. Мен ғана емес өзге де шет елде қызмет атқаратын елшілер бас қосты. Мен үшін шынын айтқанда өте ұятты жайт болғаны, Корея аумағында заңсыз жүрген Қазақстан азаматтарының көп болуы. Яғни Кореяда өзге ел азаматтарына қарағанда Қазақстан азаматтары шамадан тыс көп. 

Олар қандай жағдайда барады дейтін болсақ, әрине көбі бұрыннан барып жұмысқа орнығып алғанар. Қазіргі уақытта Кореяда заңсыз жұмыс жасайтын Қазақстан азаматтары өз туыстарын шақыру  арқылы жұмысқа алып қалып жатады. Көптеген себептермен аумаққа еніп алған…

Мұндай жайттар екі елдің қарым-қатынасына айтарлықтай әсер  етпесе де, біраз ұяларлық жайт. Осы сынды келеңсіздіктер екі елдің мәденетіне кері әсерін тигізбесе дейміз.Бүгінде 


Ресми деректерге сай бүгінде Оңтүстік Кореяда 12 мыңнан атам қазақстандық заісыз жүр. Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Корея өз аумағында заңсыз жүрген шет ел азаматтарын қолайлы жағдайда елден шыға алу үшін “жасыл дәліз” режимін енгізген болатын.

“Жасыл дәліз” режимінің шартына сай Кореядағы шет ел азаматтары, соның ішінде Қазақстан азаматтары 31 наурызға дейін Корея аумағынан өз еріктерімен шығуға тиіс. Аталған мерзім аралығында заңсыз жүрген шет ел азаматтары Корея аумағынан шықпайтын болса 20 миллион кәріс воны (6,5 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынып, Корея Республикасының аумағына 10 жылға дейін кіруге тыйым салынады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз