Қазақстан университеттерінің “үздік оқытушылары” марапатталды

0
39

28 ақпан күні Астанадағы Оқушылар сарайында Қазақстан жоғарғы оқу орындарының “үздік оқытушылары” марапатталды. Бұл туралы kazaknews.kz тілшісі хабарлады. 

“Үздік оқытушыны” таңдауда қандай талаптар ескерілді?

Байқауға қатысқан оқытушылардың ғылыми-педагогикалық қызметі сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша бағаланған. Оның ішінде, оқулықтарды, монографияларды, оқу құралдарын ағылшын тілінде әзірлеу, қатысу және басып шығаруға басты назар аударылған. Сонымен қатар, кәсіби қызметі бойынша шет тіліндегі жаппай ашық онлайн курстардың платформасы базасында курстан табысты өткені туралы сертификаттың бар болуы да ескерілген.

Қанша оқытушы бақ сынады?

Жыл сайын өткізілетін “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” конкурсына республика бойынша 80 жоғары оқу орнынан 481 үміткер қатысқан. 

“Үздік оқытушы” атанды. Енді не болады?

Аталған грант жоғары оқу орындарының оқытушыларына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін және біліктіліктерін арттыруға әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

ҚР Білім және ғылым
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов.

Марапаттау рәсімін бастаған ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов оқытушыларға ҚР жаңа Білім және ғылым министрі Күләш Шәмитдинованың маңызды себептерге байланысты қатыса алмайтынын айтып, құттықтауын жеткізді. Үздік оқытушылар сахнаға кезекпен шақырылып вице-министрдің қолынан “үздік оқытушы” куәлігін алды

ҚР Білім және ғылым

ҚР Білім және ғылым

ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Тойбаев Әділет Жүнісұлы.

“Үштілділік конкурсқа қатысқан оқытушылар үшін ең маңызды критерий емес. Сонымен қатар, конкурста үздік шыққан оқытушылар шет елде грант арқылы біліктілік арттыру курстарына қатыса алады. Министрлік ешқандай талап қоймайды. Барлығын оқытушы өзі таңдайды”, – деді департамент директоры Әділет Жүнісұлы.

Abdimanap KENES

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз