Қазақстанда сырттай оқу түрі 2019 жылы тоқтатылады

0
39
дереккөзден

Сырттай оқу түрі Қазақстандағы Жоғары оқу орындарында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтатылады.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің сөзінше, аталған норма ЖОО-ның (Жоғары оқу орындары) академиялық және басқарушылық мүмкіндігін кеңейту мақсатында қолға алынып отыр. Sputnik Kazakhstan таратқан ақпарға сәйкес,  бұған деін сырттай оқып жатқан студенттер оқуларын тәмамдай алады.

Білім және ғылым министрлігі тиісті заң нормаларына сәйкес, сырттай білім алатын студенттер (іштей оқитын студенттерден қарағанда) бекітілген бағдарлама ауқымының тек 68 % ғана меңгереді деп хабарлайды. Бірақ, екеуі де түптің түбінде бір дипломға ие болып, еңбек нарығына енетіні алға тартылады.

Сондай-ақ, ведомства білім алғысы келетін бірақ, іштей оқуға мүмкіндігі жоқ қазақстандықтардың да барын атап өтті. Болашақта іштей білім алуға мүмкіндігі жоқ жандарға қашықтықтан оқудың жаңа жүйесін енгізу көзделіп отырғаны мәлім болды. Мұндай білім алушылар іштей оқып жүргендер студенттермен тең деңгейде бекітілген бағдарламаны жүз пайызға игеріп шығады.


Қазақстанда сырттай білім алу 2010 жылы шектелген еді – сырттай білім алу тек жоғары оқу орынын немесе колледжді тәмамдағандарға мүмкін болды. Бұдан өзге сырттай оқуға тиым салынған мамандықтар да тізімге енгізілді (медицина, ветеринария, құрылыс және т.б бағыттар).

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз