Қазақстанда тағы бес университеттің лицензиясы уақытша тоқтады

0
146
Қазақстан оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Білім және ғылым министрлігі бес жоғары оқу орнының лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Нұр-Сұлтандағы брифингте министр Асхат Аймағамбетов айтты.

Алайда министр қай университеттер жабылу алдында тұрғандығын нақты айтпаған.

Осыған дейін бағдарламасы ескірген университеттердің біразы лицензиясынан айырылған еді. Қараша айында Шымкенттің аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің, Павлодар қаласының инновациялық еуразиялық университетінің, Алматы университетінің, Өскемендегі Қазақстан-Америка еркін университетінің және Ақтөбедегі Қазақстан-Ресей халықаралық университетінің лицензиялары тоқтады.

“Қазір біз қосымша тексерулер жүргізіп жатырмыз және олардың нәтижесі бойынша жақында тағы бес университет туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ олардың лицензияларын тоқтата тұрамыз. Заңға сәйкес, егер 10 күн ішінде шешімге шағым түсіре алады. Біз олардың қандай университет екенін айта алмаймыз”, – деді министр.

Сондай-ақ, министр Қазақстандағы көптеген университеттерде талаптарды қатаңдату арқылы шешуге ниетті проблемалар бар екенін айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз