Қазақстандағы үздік 10 университет анықталды

0
402
Photo: smilebox

2019 жылы білім беру бағдарламалары рейтингінде ТОП-10 құрамына енген университеттердің тізімі жарияланды. Бұл туралы “Атамекен” ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев хабарлады.

“Атамекен” ҰКП екі жыл қатарынан ҚР Білім және ғылым министрлігі мен “Еңбек ресурстарын дамыту орталығы” АҚ-мен бірлесеп, еліміздегі ЖОО-ның білім беру бағдарламаларына бағалау жүргізіп келеді.

Сонымен, алғашқы үштікте КИМЭП университеті, КАЗГЮУ университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IT) кірген.

Рейтингті жалғастыратындар Сүлейман Демирел университеті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Халықаралық білім беру корпорациясы, Алматы энергетика және байланыс университеті және соңғы ондыққа Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті енді.

“Бұл жоғары оқу орындары қатысқан рейтингтерде жақсы орындардан көрінді. 2019 жылдың рейтингінде олардың көшбасшылық үлесі айтарлықтай жоғары болды. Бұл оқу орындарында жыл сайын түлектерді даярлау жақсы деңгейде”, – деді Олжас Ордабаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз