Қазақстандық оқушылар халықаралық жарыстан жүлделі оралды

0
213
Халықаралық математика олимпиадасының қатысушылары.
20-28 қыркүйек аралығында онлайн форматта өткен 61-ші халықаралық математика олимпиадасында (IMO 2020) Қазақстан құрама командасы үш күміс және екі қола медаль жеңді. Бұл туралы “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы хабарлады.
 Халықаралық жарысқа 100-ден аса мемлекет қатысқан.
Халықаралық математика олимпиадасы (International Mathematical Olympiad) –  жыл сайын мемлекеттердің бірінде өткізілетін жоғары сынып оқушыларына арналған білім сайысы. Биыл бұл сайыстың ұйымдастырушысы Ресей болды.
6 оқушыдан тұратын қазақстандық команданың нәтижелері өте жоғары болған:
Алматы қаласы физика – математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Сатубалдин Таир – күміс медаль;
Алматы қаласы физика- математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Бектемисов Тамирлан – күміс медаль;
Алматы қаласы “Heileybury” мектебінің түлегі Шынтас Нуртас – күміс медаль;
Алматы қаласы “Heileybury”, мектебінің оқушысы Тен Юрий – қола медаль;
Нур-Султан қ. “Білім-инновация” мамандандырылған лицейінің оқушысы Дуйсенбеков Данат – қола медаль;
Нур-Султан қаласы “Білім-инновация” мамандандырылған лицейінің оқушысы Сам Фетуллах – құрмет грамотасы.
Ұлттық команданың жаттықтырушысы – Сатылханов Канат, математикадан халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз