Қазақстандық оқушыны әлемнің 14 ЖОО білім алуға шақырды

0
95
фото: tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан қаласындағы Spectrum халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы Әлихан Құдайбергеновті әлемнің 14 ЖОО білім алуға шақырған. Бұл туралы түлек tengrinews.kz-ке берген сұхбатында айтқан.

Н.Құдайбергеновтің сөзінше өміріндегі ең үздік шешім “Нұрорда” білім-инновация лицейіне түсуі. “Ата-анам осы шешімді дұрыс деп тапты, соның арқасында математикаға қызығушылығым артты. Ұстазым Әмір бей мені өзінің қанатының астына алып,  бес жыл бойы математика пәнінен жаттықтық. Оқуды аяқтағаннан кейін британдық білім беру жүйесінде құрылған Spectrum халықаралық мектебіне оқуға түстім”, – дейді оқушы.

2016 жылы Spectrum халықаралық мектебінің оқушысы Әлихан Рио-де-Жанейрода өткен математика бойынша олимпиадада күміс медаль жеңіп алған, кейіннен Қытайда өткен олимпиада бар қарсыласын жолда қалдырып, бас жүлдені еншілеген.

Әлихан төрт рет республикалық олимпиадаға қатысқанын, үш рет алтын медаль жеңіп алғанын, төртіншісінде күміс медальге иелік еткенін айтады. Ресей, Қытай, Македония, Бразилия, Румыния және Сербияда өткен олимпиадаларға қатысқан.

2017 жылы Қазақстанды Гонконгта өткен халықаралық олимпиадада төрт математик оқушы танытқан. Солардың қатарында Әлихан да бар. Оқушының сөзінше бұл тарихи сәт болған, себебі қазақстандық оқушылардың барлығы бірдей ұпай жинап, алтын медальға қол жеткізген.

Әлихан әлемнің 14 Жоғары оқу орнынан білім алуға шақырту алған. “Америкадан бес ЖОО, тіпті көп болуы да мүмкін, нақты санамадым, Канаданың екі ЖОО, Польшадағы ЖОО және қазақстандық оқу орындары. Мен Гонконгтың ғылым және технология университетін таңдадым (Hong Kong University of Science and Technology или HKUST). ЖОО үздік деп танылады, онда достарым да баршылық. Мен инженерия мектебін таңдадым”, – дейді оқушы.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз