Бүгінгі студент – ертеңгі маман

0
56
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарында жолдаған жолдауында «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданған болатын.
Тұңғыш президентіміз өз Жолдауында атап көрсеткендей, цифрлық индустрияны дамыту басқа салаларға серпін беруі керек. Сондықтан, Үкімет ІТ- саласын дамыту мәселелерін ерекше бақылауда ұстауы тиіс.
2019 жылы 2 қыркүйекте ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев мырзаның жолдауында Қазақстан цифрлық экономикасын дамыту жайын ерекше атап көрсетті.
Ондағы басты міндет – ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымның даму деңгейі бойынша өңірдегі көшбасшылықты нығайту болып табылады.
ҚАЗГЗУ гуманитарлық заң колледжі 2 жылдан бері «Бастауыш сыныптарға информатика пәні мұғалімдерін» және басқа мамандық бойынша, оның ішінде 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту», 0105000 «Бастауыш білім беру», 0512000 «Аударма ісі», 0201000 «Құқықтану», 0507000 «Қонақ үй шаруашылығы қызметін ұйымдастыру», 0511000 «Туризм», 0513000 «Маркетинг», 0516000 «Қаржы», 01304000 «Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» студенттерді мемлекеттік және ақылы түрде даярлап келеді.
Колледжде білім беретін оқытушылардың деңгейлері өте жоғары, өз істерінің маманы деп айтуға толық болады. Себебі, ҚАЗГЗУ гуманитарлық заң колледжінде академиктер, профессорлар, ғылым кандидаттары, магистрлар және жоғарғы санаттағы оқытушылар жұмыс жасайды.
Информатика сабағына арналған екі арнайы кабинеттер бар. Сабақ кезінде барлық студенттер компьютермен қамтамасыз етілген.
Информатика пәні сабағының оқытушысы болғандықтан мен колледждегі барлық студенттерге осы пәнді тереңірек түсіндіріп, пән ретінде оқыту керектігін тәжірибелік сабақ кезінде айтып қана қоймай ролдік ойындармен де шебер жеткізуге үйретіп жатырмын.
Берілген тақырыптарға байланысты сабақ кезінде студенттерге теория және тәжірибелік үлгісінде берілсе, келесі сабақта студенттердің алдына белгілі бір жағдаяттар беріліп сол тапсырманы диспут немесе пікірталас және рөлдік ойындармен өз ойларын ортаға салып, әрі қарай талқылап түсіндіріледі.
Осы әдіс бойынша кез келген студент ертеңгі күні практикаға барған кезде алдынан шығатын мәселені қиналмай шеше алатын болады.
Қазіргі студент – ол болашақ маман! Олардың мамандықтары бастауыш сыныптарға информатика пәні мұғалімі болғандықтан сабақтарды барынша қызықты және тек қана оқытушы емес, студенттердің өздерін де сабаққа қатыстыру арқылы осы пәннің бастауыш сыныптарға қажетті екендігін көрсету – ол біздің басты мақсатымыз болып отыр.
Алғашқы күннен өзінің мамандығын түсіне білген студенттен ертеңгі тамаша білікті де, шебер маман шығатыны даусыз!
ҚАЗГЗУ гуманитарлық заң колледжінің информатика пәні мұғалімі Ыдырыс Ж.Б.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз