“База қатаң қорғауда” – Сағадиев ҰБТ сұрақтарына қатысты

0
95
дереккөзден

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ұлттық бірыңғай тестілеудің мәліметтер базасы қатаң қорғалғандығын мәлімдеді.

Аталған мәліметтер базасы мемлекеттік құпия әрі қатаң қорғауда екендігін мәлімдеген министр оны білім және ғылым министрлігі ғана емес, арнайы органдарда қорғауға алатындығын алға тартты, деп жазады Bnews.kz.

«Мәліметтерге қатысты бұқаралық жариялық болмады, болашақта ондай жағдай орын алады деп ойламаймыз. ҰБТ-ға дейін өз сұрақтарымен студенттерді дайындаған компаниялардың жайы бөлек», – деді Сағадиев медиабілімді дамыту бойынша ведомства аралық жиналыстан кейін.

Ведомства басшысы атап өткендей, аталған білім беруші компаниялар ҰБТ сұрақтарына тікелей жауап ретінде өз сұрақтарын жариялайды.

«Бұл дұрыс ақпар емес, оған алданудың қажеті жоқ. Бұрын бұл ықтимал сұрақтар сатылған болатын. Бізде барлық мәліметтер базасы қатаң қорғалған, барлығына қалыпты қарап, баламен жұмыс жасау қажет, сонда бәрі орнына келеді», – дейді Сағадиев.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз