Білім министрі: “Әліппе” мен “Ана тілі” оқу бағдарламасына қайта оралады

0
309
Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Қазақстандық бірінші сынып оқушылары 2021 оқу жылынан бастап “Сауат ашу” пәнінің орнына “Әліппе” мен “Ана тілін” оқиды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.

Аймағамбетов жуырда мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа өзгерістер енгізіліп, әділет министрлігінде тіркеуден өткенін жеткізді.

“Маңызды жаңалықтардың бірі – келесі 2021 оқу жылында бірінші сынып оқушылары “Сауат ашу” пәнінің орнына “Әліппе” мен “Ана тілін” оқиды. Бірінші сынып оқушылары оқу жылының бастапқы екі тоқсанында “Әліппенің” бағдарламасын оқыса, қалған екі тоқсанда “Ана тілі” пәнін оқиды”, – деп жазды Аймағамбетов желідегі парақшасында.

Орыс тілінде немесе басқа тілдерде білім алатын сыныптарда “Букварь” мен “Обучение грамоте” пәндері оқытылады. Министр “Әліппе” Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалғанын атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз