Бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталды

0
186

1 маусымда Қазақстан мектептері 1-сыныпқа құжат қабылдауды бастады. Құжат қабылдау тамыз айына дейін жалғасады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Министрлік мәлетінше, құжат тапсырудың үш жолы бар. Атап айтсақ, egov.kz арқылы, ХҚКО арқылы және қағаз түрінде мектепке тапсыруға болады.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • Ата-ананың (немесе оларды алмастыратын тұлғалардың) өтініші;
  • Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • “Бала денсаулығы паспорты” 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
  • 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
  • 3х4 көлеміндегі 2 сурет.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз