Болашақ педагогтардың стипендиясы 46 мың теңгеге дейін өседі

0
212

27 мамыр күні Нұр-Сұлтанда өткен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым-білім саласын түбегейлі реформалау қажеттігін айтты.

Оның айтуынша, Қазақстанда 2025 жылға дейін білім саласына бөлінетін қаражат – 6 есе, ғылымға бөлінетін қаражат 7 есе өседі.

Президент сонымен бірге алдағы уақытта педагогика мамандықтарына талапты жоғарылату қажеттігін айтты.

– Мамандықтың беделін арттыру үшін болашақ педагогтарға стипендияны 26 мың мен 46 мың теңге аралығында өсіру қажет. Бұған қоса, педагогикалық мамандықтар бойынша кадрлар дайындар ЖОО-ы және колледждерді мамандандыру керек. Жалпы педагогтарды арнайы жоғары оқу орындары оқытып, дайындауы тиіс. Білім және ғылым министрлігі бұл бағыт бойынша қажетті шешім қабылдайды деп ойлаймын, – деді президент.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз