“Демалыс күндері де дайындаламыз”

0
134
Атырау "Білім-инновация" лицейінің 9 сынып оқушысы Айбек Мырзатаев

24 қаңтар күні  бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы, Жәутіков олимпиадасынан алтын алған Атырау «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Айбек Мырзатаев, «Білім Орда» ХҚҚ-ның президенті Дарханбек Қожабеков қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Брифингте Халықаралық Жәутіков олимпиадасынан алтын медаль алған Атырау «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Айбек Мырзатаевпен сөйлесудің сәті түсті. 

“Жәутіков олимпиадасынан алтын алдым. Ресей, АҚШ, Болгариядан келген балалар өте мықты болды. Жарысқа үш мұғалім дайындады. Ербол атты мұғалімім мені 7 сыныптан бері дайындап келеді. Қазір де хабарласып, қадағалап тұрады. Тынышбек ағай теорияны үйреткен ұстазым. Әділет деген оқытушының да көмегі көп болды. Әрқайсының сіңірген еңбегі ерен. Алғысым шексіз. Математикадан бөлек физиканы жақсы көремін. Дайындық демалысқа қарамайды. Тоқсан біткендегі демалыс уақытында да мектепке жиналып, дайындықты жалғастырамыз. Сенбі күні сабақ болмаса да олимпиадаға дайындық тоқтаған емес. Сабақтан тыс уақытта спортпен айналысып, кітап оқимын. Көркем әдебиет жаныма жақын”, – деді ол. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз