Елдегі өзбек, ұйғыр және орыс тілді мектептері қазақ тілінен емтихан тапсырады

0
154

ҚР Білім және ғылым министрлігінде тіл программасының үш жылға арналған жоспарына сәйкес мемлекеттік тілді Б1 деңгейінде үйренген мектептер санын 2018 жылы 90 пайызға арттыру көзделген. Осы мақсатты 2019 жылы республикадағы өзбек, ұйғыр және орыс тілді мектептер қазақ тілінен тест тапсыратын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді.

«Министрліктің арнайы бұйрығына сәйкес 11 сынып оқушылары мемлекеттік бітіру емтихандарын тапсыру кезінде міндетті түрде ана тілі және әдебиеттен жазбаша емтихан тапсырады. Ал елдегі өзге тілді мектептер, яғни орыс, өзбек, ұйғыр мектептері қазақ тілінен тест сынақтарын тапсыратын болады», дейді министр.

2018 жылы мектеп бітірушілердің 45 мыңнан астамы қазақ тілін 4 және 5 деген бағада тәмамдаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз